Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Гарант 24 Ломбард" басшылары тәркіленді: Халықтың ақшасы қайтарылады

Ішкі істер министрлігі "Гарант 24 Ломбард", "Выгодный займ" и "ЕSTATE Ломбард" қаржы пирамидасын ұйымастырған күдіктілерден қандай заттар тәркіленгені туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

17 мыңнан астам адам полицияға «Garant 24 Lombard» ЖШС, «ESTATE Lombard» және «Пайдалы несие» компанияларына шағым түсіргені туралы белгілі болған. Келтірілген шығын 22 миллиард теңгені құрайды.

Ұйым басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс тіркеліп, 51 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

"Күдіктілерден 70 миллион теңгеден астам қаражат алынды, олардың қылмыстық әрекеттері кезінде алынған әр түрлі мүлік тәркіленді. Оның ішінде - 15 жеңіл автокөлік, екі самосвал, екі автокран, қар күрейтін көлік, 29 пәтер, алты үй, үш жер учаскесі, бес тұрақ орны, бір кешен. Күдіктілерден тәркіленген мүліктің жалпы құны екі миллиард теңгеден асады", - деді ІІМ.

Істер сотқа берілгеннен кейін мүлікті заңды иелеріне қайтару мәселесі шешілетіндігі нақтыланды.

Еске салсақ, басы жанжалға қалған "Гарант 24" ломбард құрылтайшысы Қазақстанға экстрадицияланды

"Гарант 24" ломбардының дауына қатысты Ақтөбе облысында полиция қызметкері күдікке ілінді.

Талқылау