Ғалымдар жұмыртқаның тағы бір пайдасын тапты
Америка ғалымдары жұмыртқаның тағы бір пайдасын тапты.
Мамандардың айтуынша, жұмыртқа нәрестенің бойын өсіруге көмектесіп, олардың даму кідірісін азайтады. Жұмыртқаны жегенде орта есеппен ағза 1,47 есеге жақсарады.
Ғалымдар зерттеу жасай отырып осындай тұжырымға келді. Зерттеуге жасы 6 айдан 9 айға дейінгі эквадорлық балалар қатысты. Балалар алты ай бойы күніне 1 жұмыртқадан жеген. Балаларға осы уақытаралығында тәтті тағамдар аз берілді.
Мамандар олардың тәттіні көп жеп, жұмыртқаны аз жейтін балалармен салыстырып көрді. Ғалымдар жұмыртқаны қолжетімді бағадағы әрі баланың ағзасын дамытуға әсер ететін ең пайдалы тағам екенін айтады.
Тағы да оқыңыз:
Күнделікті екі жұмыртқа жеудің денсаулыққа 9 түрлі пайдасы бар
Не себепті жұмыртқаны тоңазытқыштың есігінде сақтауға болмайды?
Талқылау