Ғалымдар жұлдыз жорамал белгісінің уақытын өзгертіп, тағы бір белгі қосты
NASA ғалымдары 12 зодиак белгісін құрған ежелгі Вавилон астрономдарының уақытынан бері аспан денелерінің орналасу бойынша өзгеріске ұшырағанын айтады.
Бұл туралы NASA Space Place агенттік порталында хабарланды.
«Ғалымдардың айтуынша, жаңа Жұлдыз жорамал 13 жұлдызға сәйкес келеді. Біз қолданып жүрген Зодиак белгілері Ежелгі Вавилон кезінде жасалған», – дейді астроном Парке Канкл.
3 мың жылдықтан кейін жер білігі айтарлықтай өзгеріп, аспан жұлдыздарының да бейнесі басқа қалыпқа айналған. Сондықтан бұрынғы жұлдыз жорамал белгілеріне түзетулер енгізуге тура келеді. Вавилон күнтізбесінде Айды негізге ала отырып жасағандықтан белгілерді 12 ай бойынша 12 белгіге құрған жеңіл болған. Ежелгі ғалымдар да 13 жұлдыз белгісін есептегенімен біреуі ай бойынша сәйкес келмегендіктен біреуін алып тастаған.
Жаңа жұлдыз жорамал бойынша Сарышаян мен Мергеннің ортасында тұратын Жылан баптаушы белгісі қосылады. Оның уақыт аралығы 30 қараша ме 18 желтоқсан. Ол латынша «U» беретін «~» белгісімен жазылады.
Осыған орай өзгертілген Жұлдыз жорамал белгілерінің уақыты төмендегідей қалыпқа түседі:
- Тауешкі: 20 қаңтар — 16 ақпан;
- Суқұйғыш: 16 ақпан — 11 наурыз;
- Балықтар: 11 наурыз — 18 сәуір;
- Тоқты: 18 сәуір — 13 мамыр;
- Торпақ: 13 мамыр — 21 маусым;
- Егіздер: 21 маусым — 20 шілде;
- Шаян: 20 шілде — 10 тамыз;
- Арыстан: 10 тамыз — 16 қыркүйек;
- Бикеш: 16 қыркүйек — 30 қазан;
- Таразы: 30 қазан— 23 қараша;
- Сарышаян: 23 қараша — 29 қараша;
- Жылан баптаушы: 29 қараша — 17 желтоқсан
- Мерген: 17 желтоқсан — 20 қаңтар.
Басылым мәліметінше, Жылан баптаушы Жұлдыздар белгісіне қосылған соңғы өзгеріс болмауы да мүмкін. 1970 жылдары Кита деп аталатын тағы бір белгіні қосып, 14 белгіне құрастыру ұсынылған болатын.