Ғалымдар жалқаулардың ой-өрісі жоғары болатынын дәлелдеді
Американың Флорида штатындағы оқымыстылар жалқаулық адамның жоғары интеллектті екенін білдіреді деп оты. Мамандар ой-өрісі жоғары адамдар үнемі қалың ойда жүргендіктен олар өздерін-өздері тез шаршатады дейді.
Бұл туралы nz1.ru сайты жазды.
Сондай-ақ, ондай адамдар өзгелерге қарағанда креативті болып келеді екен. Ғалымдар мұндай қорытындыға қол жеткізу үшін 100 студенке зерттеу жұмысын жүргізген.
Алдымен оларды тестілеуден өткізген. Оларды IQ жоғары, төмен деп екіге топқа бөлген. Сосын оларға түрлі тапсырмалар орындатқан. Олардың жауаптары мен қимылдары арнайы құрылғымен тексерілген. Нәтижесінде IQ жоғары студенттер айтарлықтай қозғалыс көрсетпеген. Себебі, олар физикалық тұрғыдан емес миымен үнемі жұмыс істейтіні дәлелденген. Ал қимыл-қозғалысқа жиі түсетін адамдар берілген тапсырма бойынша дұрыс жауап бере алмаған.
Талқылау