Ғалымдар тісті пломбасыз емдеудің тәсілін тапты
Британиялық ғалымдар тісті пломбасыз емдеуге болады деген қорытындығы келді. Олардың айтуынша тіс өзіндегі ақауды өзі кетіре алады.
Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.
Ғалымдардың түсіндіруінше, Tideglusib химиялық заты тіс ұлпасындағы жасушалар арқылы тістегі саңылауларды емдеп жаза алады. Science Reports журналында жазылған зерттеу бойынша, аталған әдіс “толыққанды табиғи қалыпқа келтіруге” себеп болмақ.
Негізі тістің бастапқы қалпына келу мүмкіндігі өте шектеулі. Егер ішкі тіс ұлпасы жалаңаштанса, адам ағзасы қатаң тіс ұлпасындағы жіңішке сызықтарды шығарады. Ол тікелей эмальды қабық астында орналасқан.
Әдетте стоматологтар шіріген тісті метталликалық зат арқылы пломбалап тастайды. Алайда оны тұрақты түрде ауыстырып отыруға тура келмек. Ал ғалымдар болса тіс өзін-өзі емдеп жазатын әдісті жетілдіреміз деп отыр.
Tideglusib препараты тіс ұлпасындағы бағаналық жасушалардың белсенділігін жоғарылатады. Препаратқа сіңірілген биоқоспалы сорғыш тістің бүлінген бөлігіне орналасып емдейді. Әдетте сорғыш ыдыраған соң, оны дентинмен ауыстырып, тісті емдейтін. Қазіргі таңда енді ғалымдар дәл осында әдіспен ірі тіс шіріктерін емдеуге бола ма деген сауалға жауап іздеуде.
Оқи отырыңыз:
Дәрігерлер балалардың смартфон, планшет алдында қанша уақыт отыру керегін айтты
Ақтауда жаралы ер адамды аурухана есігі алдына әкеліп тастап кетті (видео)
Босану кезінде көз жұмған әйелдің анасы бас дәрігерді ұрып тастады
Қостанай облысында босану кезінде әйел мен сәбиі қайтыс болды