Ғалымдар смартфонға тәуелділіктің қандай қатері бар екенін анықтады
Сан-Франциско университетінің ғалымдары жыл сайын түр-түрі пайда болып жатқан смартфондардың адамдарды бақытсыз ететінін анықтады.
Бұл туралы Sciencedaily журналына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Зерттеушілер анықтағандай, электронды құрылғыларға тәуелді адамдардың миында уақыт өте келе дағдылануға алып келетін неврологиялық тізбектер пайда болады. Мысалы, ауруды басатын дәрілерді көп қабылдайтын адамдардың миында да осындай құбылыс орын алады.
Сонымен қатар ғалымдар мұндай тәуелділіктің адамдардың өзгелермен қарым-қатынасына әсер ететінін байқады. 135 студентке сауалнама жүргізілгеннен кейін, смартфонды жиі қолданатындары өзгелерге қарағанда, жалғыздықты жиі сезінетіні анықталды. Зерттеушілердің пікірінше, әлеуметтік желілерде көп отыратын адамдарға ым-ишара, дауыс ырғағы тәрізді вербалды емес қарым-қатынас жетіспейді екен.
Өз кезегінде зерттеу авторлары адамдарға смартфон және компьютерді көп қолданбауға кеңес берді. Сонымен қатар олар оқырмандарға қызықты ойын ұсынды.
«Достарыңызбен бас қосқанда, ұялы телефондарыңызды үстелдің ортасына қойыңыздар. Кім бірінші болып смартфонды қолға алса, сол адам өзге достарының ішкен сусынының ақысын төлейді», – деген ұсыныс жасады ғалымдар.
Оқи отырыңыз:
Африкадағы «VIP» әжетхананың салтанатты ашылу рәсімі жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
Қазақстанда туылған бір көзді қозы жұртты шошытты (видео)
Әлемдегі ең алып акула адамдармен бірге суда жүзді (видео)
Балықшы өлі акулаға кесір тілігін жасап, ішіндегі 98 баласын аман алып қалды (видео)