Ғалымдар: Шоколад көздің көру қабілетін жақсартады
Американдық ғалымдар күн сайын қара шоколадтың аздаған бөлігін тұтынған адамның көру қабілеті жақсарады деген қорытындыға келді. Бұл жағдайда бірнеше хош иісті сақиналары бар органикалық қосылысты флавонол негізгі рөл атқарады.
Бұл туралы MedicalXpress сайтында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Зерттеуге орта есеппен 26 жастағы 30 адам қатысты. Олар екі топқа бөлінді. Бірінші топтағы еріктілерге 72 пайыздық шоколадтан 42 грамм берілді. Екі сағаттан кейін әрбір қатысушының көру қабілеті тексерілген.
Тексеру кезінде қара шоколадтың сүтті шоколадқа қарағанда көздің көру қабілетін жақсартатыны анықталды. Сонымен қатар, оларда жарық аз түсетін бөлмелердегі заттарды ажырата алатын контрасттық сезімталдық жоғарылаған. Зерттеушілер бұны флавонолдардың көздің торына немесе ірі жарты шардың визуалды қабығына қан ағымының көп құюлуына көмектеседі деп түсіндіреді. Дегенмен, нақты себептер әлі де белгісіз.
Тағы оқыңыз:
Тамаққа түкіріп қайыршыға берген жігіт елдің ызасын келтірді (видео)
4 жасар қыздың шешпей тағып жүрген резинасы қолына бітіп өсіп кеткен
Ата-аналар бөксесі өте үлкен етіп жасалған қуыршақты көріп шошыды