Ғалымдар семіз әйелдердің ауру баланы өмірге әкелетінін анықтады
Семіз әйелдер көп жағдайда ауру баланы өмірге әкеледі. Швеция ғалымдары осындай тұжырым жасады.
Мамандар 1 млнан аса нәрестенің денсаулғынн зерттеп көрді. Толық әйелдер босанған сәбилердің жүрегі мен ас қорыту жүйесінен ақау көп табылған, деп хабарлайды 31 арна.
«Толық әйелдердің денсаулығы жақсы деп айта алмаймыз. Артық салмақта адамның қысымы жоғары болады. Қанты көп болуы мүмкін, гастрит, панкреатит секілді бір топ дерттің шоғырлануы мүмкін», – дейді гинеколог Әлия Шанғараева.
Бір ғана Ақтөбе облысында ерлі зайыптылардың үштен бір бөлігі бала көтере алмайды.
Артық салмақтан әйел бедеулікке шалдығуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, әйелдердің салмағы 48-90 келі аралығында болғаны жақсы. 40-тан аз болса да, 90-нан жоғары болса да зиян болады.
Сондықтан дәрігерлер әйелдерге сау баланы өмірге әкелу үшін салмағын қалыпта ұстауға кеңес береді. Алайда қатты беріліп, көп арықтап кетудің де қажеті жоқ.
Тағы да оқыңыз:
Астаналық таксист шетелдік жолаушылармен 36 тілде сөйлесе алады
Бала-шағасы бас тартқан 70 жастағы Жұмабек ақсақал қарттар үйіне орналасуды армандайды
Бала мінген ат мейрамханада үркіп қашып тойдың астаң-кестеңін шығарды (видео)