Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар сәбилердің 5 айлығында ана тілін мәңгілік жадында сақтай алатынын анықтады

Ғалымдар сәбилердің алғашқы 5 айлығында меңгерген ана тілін ешқашан ұмытпайтынын айтты.

_93641552_thinkstockphotos-482082885

Оңтүстік Корей университетінің мамандары зерттеу жүргізіп, адамның сәби кезінде өз елінен өзге елге көшіп ана тілін ұмытқан жағдайда да, оның есінде туған тілінің жасырын сақталатынын анықтады.

Зерттеуге сәби күнінде Оңтүстік Корей елінен асырап алған, қазір голланд тілінде сөйлейтін ересектер қатысты. Олар корей тілін білмесе де, сөзді корей тілінде қатесіз айта алды. Ал, сол елде өмірге келген голландықтар корей тілін таза айта алмады.

Осыдан соң ғалымдар ата-аналарға сәбиімен туыла сала сөйлесуге кеңес берді.

Мамандар тілдің осылайша адамның сәби кезінде жадында жатталып қалатынын, кейін есейгенде сол тілді үйренуі әлдеқайда оңай болатынын айтты.

Негізінде нәресте ана құрсағында жатқанда тілді ұғынады. Сондықтан олар өмірге келген бойда анасының даусын танитын болады.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар әлемде ақылды адамдардың азайып бара жатқанын дәлелдеді

Қазақстандық жас ғалым қатерлі ісікке қарсы күресте жаңалық ашты

Ғалымдар тісті пломбасыз емдеудің тәсілін тапты

«Бешбармақ» сөзі ғалымдардың шамына тиді

Талқылау