Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар рак дертінен сақтанудың басты жолы анықтады

Мамандар АҚШ-та қатерлі дерттің 40 пайызы семіздіктен немесе артық салмақ әсерінен болған өзге де себептерден екенін айтты.

Сол себепті де салауатты өмір салтын ұстану қатерлі ісікке шалдықпаудың кепілі.

Зерттеуге қатерлі дертпен ауыратын 630 мың америкалық науқас қатысты. Ғалымдар семіздік пен бас ісігі, ас қорыту жүйесі, бауыр мен бүйрек, жатыр мен өт жолы, қалқанша безге қатысты қатерлі дерттің 13 түрінің байланысын анықтады. Бұлар рак дертінің 40 пайызын құрайды.

Рактың семіздікпен байланысты түрі 2005 пен 2014 жылдар аралығында 7 есеге өскен.

Қатерлі дертті бақылау мен емдеу бөлімінің басшысы Лиза Ричардсонның айтуынша, артық алмақтан арылған сайын рак дертінен айығу мүмкіндігі артады.

Тағы да оқыңыз:

Үш баланың анасы өз өлімін видеоға түсірді (видео)

Жасөспірім достарының көңілін көтеру үшін қаңғыбасты ұрып өлтірді (видео)

Алматы тұрғыны көлігін соғып кетіп телефон нөмірін қалдырған бейтаныс әйелге ризашылығын айтты

Талқылау