Ғалымдар парацетамол дәрісінің қандай қаупі бар екенін тізіп берді
Мамандар парацетамол дәрісінің қандай зияны бар екенін айтып берді.
Сан-иего қаласында Human Longevity ұйымының мамандары парацетамолдың зияны туралы айтты. Мамандардың айтуынша, парацетамол дәрісі жыныстық мүшеге әсер етеді. Соның салдарынан адам бедеулікке шалдығуы мүмкін. Ал, жүктілік кезінде құрсақтағы сәбиге кері әсерін тигізуі мүмкін.
Зерттеуге 18 жастан асқан 455 адам қатысқан. Одан бөлек 1880 жылдан бергі 1235 егіздің анықтамалықтары бірге тексерілді.
Парацетамол әсерінен адамдардың жыныстық гормондары өзгергені белгілі болды. Дәрінің әсері адам ағзасын 35 жылға қартайтып жібереді. Сонымен қатар жүйке жүйені әлсіретіп, түсік тастауға себеп болады. Немесе құрсақтағы сәбидің жетілуіне кері әсерін тигізеді. Өйткені нейростероидты жыныстық гормондар адамның миында өнеді.
Тағы да оқыңыз:
Ғалымдар кәдімгі аспиринмен белсіздікті емдеу жолын тапты