Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Nutella обыр дертіне душар етеді

Ғалымдар бүкіл әлемге танымал Nutella шоколадты пастасының құрамынан обыр дертін туғызатын компонентті анықтады. Азық-түлік тағамдары бойынша Еуропалық қауіпсіздік органы осындай байламға келді.

1484201276_838715-image-1423963826-685-640x480

Бұл туралы “Актуальные новости” басылымы жазды.

Аталған шоколадты пастаның құрамынан обыр дертін туғызатын пальмалық май табылды. Дәл осы компонент шоколадты пастаның дәмін де, классикалық түрін де келтіріп тұр.

Аталған компоненттің алғашқы түр-түсі де, иісі де жағымсыз. Алайда 200 градусқа дейін жылытылған кезде оның өзіндік қасиеттері өзгеріске ұшырайды. Алайда зерттеу барысында мұндай градус кезінде пальмалық майдың глицидилді майлы қышқылдық эфир бөлетіні анықталды. Ал ол адам денсаулығы үшін қауіпті болып табылады.

Ең қызығы, шоколадты Ferrero пастасының итальяндық өндірушісі бұл туралы хабардар болып шықты. Соған қарамастан, оның Nutella-ның құрамындағы пальмалық майдан бас тартатын ойы жоқ. Одан бөлек, кейбір елдерде өндірушілер жарнамалық компаниялар арқылы өнімнің зиянсыз екенін хабарлаған.

Еуропалық ритейлерлер Nutella-дан бас тартқан жоқ. Ғылыми қауымдастық аталған азық түрінің зияндылығын дәлелдесе де әзірге шу шығармай отыр. Десе де ғалымдар құрамында пальма майы бар өнімдерді тұтынбауға кеңес беріп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар тісті пломбасыз емдеудің тәсілін тапты

«Бешбармақ» сөзі ғалымдардың шамына тиді

Ғалымдар екі кометаның Жерге жақындап келе жатқанын айтты

Ғалымдар жақында адамды жасартатын дәрінің шығатытын айтты

Талқылау