Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ұйқысыздық пен тамақты тойып жеудің байланысын түсіндірді

Нейрофизиологтар тамақты тойып жеп семірудің адам ұйқысына қалай әсер беретінін түсіндірді. Тамақ жегеннен адам қанында химиялық заттардың концентрациясы артып кетеді екен.

чччч

Зерттеу жүргізу үшін ғалымдар 14 ерікті адамдардың көмегіне жүгінген. Олар төрт күннен екі мәрте Чикаго университетінің клиникасына келіп сынақтан өтеді. Бірінші кезекте олар сегіз сағаттан ұйықтайды. Ал екінші ретте төрт сағаттан. Адамдар тамақты күніне үш мезгіл – таңғы сағат 9-да, түскі 2-де және кешкі 7-де ішкен.

Нәтижесінде, аз ұйқы энергения шығындауға соншалықты себеп болмайтындығы анықталған. Алайда, қарынның ашуы қатты сезілген. Қатты қарын ашатын кез адамдарда түскі ас уақытында келген. Сынаққа қатысушылар әсіресе, тәтті әрі қатты пайдалы емес тағамдар – печенье, конфет және чипсыға үйір болған.

Ғалымдар ұйқысы аз адамдарда эндоканнабиноид концентрациясы күрт өсетінін байқаған. Түнгі ұйқыдан соң олардың деңгейі 33 пайызға көтерілген. Ал күн ортасында адамдар аштықты сезінетін сәтте тағы да қаттырақ өскен. Ғалымдар, дәл осы эндоканнабиноидтер тойып ішу салдарынан ұйқысыздыққа соқтыратын нейрофизиологиялық механизм болуы мүмкін деп топшылайды.

Талқылау