Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар құлақ тазалауға арналған мақталы таяқшалардан бас тартуға шақырды

Америкалық Отоларингология академиясының ғалымдары құлақ тазалауға арналған мақталы таяқшалардан бас тартуға шақырды. Себебі мұндай гигиена денсаулығыңызға жағымсыз салдарын тигізеді.

15img577_1

Мамандардың сөзінше, құлақ гигиенасы – тек дәрігерлердің құзырындағы дүние. Құлақты мақталы таяқша не тіс тазалағыш таяқшамен өздігінен тазалауға болмайды. Бұл тақырыпты қозғаған баяндама Otolaryngology – Head and Neck Surgery журналында жарық көрді.

Мамандардың түсіндіруінше, адамның құлағы өздігінен тазалана алатындай құрылымға ие. Бұл ағза адамның көмегінсіз-ақ артық құлықты ақырындап сыртқа шығарып, ол біз жуынған кезде жуылып кетеді.

Құлақтағы басқа да «заттарды» шығару адамдар үшін тыйымға айналуы тиіс. Себебі ебедейсіз, оқыс қимылыңыз арқылы құлықты құлақтың тереңіне тығып жіберіп, ол түрлі кінәраттардың себебіне айналуы мүмкін. Құлақты дұрыс тазаламау құлақ бұлығының пайда болуына ғана емес, саңыраулыққа, ортаңғы құлақ қабынуына алып келуі мүмкін.

Отоларингологтар құлықтың құлақ саулағы үшін өте маңызды екендігін атап өтті. Ол құлақты құрғаудан қорғап, бактерия, саңырауқұлақтармен күреседі. Себебі оның құрамына иммуноглобулиндер кіреді. Сонымен қатар құлық құлаққа шаң тозаңдарының түсуіне жол бермейді.

Мақталы таяқшалардың құлаққа зияндылығы мен қауіптілігіне қатысты мәселені мамандар көптеген жыл бойы көтеріп келеді. Бірақ дәрігерлерге әлі күнге дейін құлағын дұрыс тазалай білмейтін науқастар жүгінуде. Олар құлақ гигиенасын сақтау өте оңай екендігін қайталаудан жалыққан емес. Құлықты тазалау үшін, тұрақты түрде құлақ жарғағын жуып тұрсаңыз жеткілікті.

Талқылау