Ғалымдар қанттың көптеген ауруға алып келетінін анықтады
Таяуда АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, онда тек жүкті әйелдер қатысты. Олар екі топқа бөлінген. Бірінде толық және семіз әйелдер топталса, екіншісіне қантты қалыпты мөлшерде тұтынатын дені сау болашақ аналар жиналған, деп хабарлайды Нronika.info басылымына сілтеп Stan.kz.
Нәтижесінде зерттеушілер бірінші топтағы әйелдердің, яғни олардың құрсағындағы сәбидің туа бітті жүрек ақауына шалдығу қатері 8 пайызға артатынын байқаған. Өз кезегінде бұл қандағы глюкоза мөлшерінің артуымен байланысты. Ал екінші топтағы болашақ аналар мен сәбилерінің бойында ешқандай өзгеріс болмаған.
Осылайша ғалымдар жүкті әйелдерге құрсағындағы сәбидің қауіпті дертке шалдығуына сеп болмауын ескертеді.
Сондай-ақ, қантты тұрақты түрде, әсіресе көп мөлшерде тұтыну энзимдердің жойылуына әкеп соғады. Ал энзимдер мидың ерте қартаюының және адам қартайған кезде пайда болатын Альцгеймер ауруы сияқты дерт түрлерінің алдын алады. Тиісінше ол өз кезегінде ол Альцгеймер ауруы сынды дерт түрлеріне алып келеді.
Көбіміз білмеуіміз мүмкін, бірақ ересек адамдар үшін күнделікті тұтынатын қалыпты қант мөлшері 5-6 шай қасық болып саналады. Сондықтан деніңіз сау болсын десеңіз, ғалымдардың кеңесіне құлақ асып, өзіңіз тұтынатын тауарлардың заттаңбасына назар аударыңыз. Себебі қазіргі уақытта көп өнімдердің құрамында қант бар.
Оқи отырыңыз:
Дәрігерлер құлаққаптың денсаулыққа зияны туралы ескертті
Астаналық ерлі-зайыптылар 6 миллион теңгеге бүйрек сатпақшы болды
ШҚО-да балалардың жаппай сары ауруға шалдығуына кінәлі дәрігерлер жазаланды
Шымкент тұрғыны жүкті әйелін оңдырмай ұрып, құрсағындағы сәбиін өлтіріп тастады