Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар күндіз неге ұйықтауға болмайтынын айтты

Калифорния университетінің профессоры Мэттью Уолкер күндізгі уақыттағы ұйқының адам ағзасына пайдасымен қоса зиянын да айтты. Бұл туралы Business Insider хабарлады.

Күндіз 40-59 минут ұйықтау дененің шаршағанын басады. Бұл уақыттан артық ұйықтасаңыз түнгі уақытта ұйқысыздыққа шалдығасыз.

Сомнологтың айтуынша, күндізгі ұйқы қанбаған ұйқыңызды қанағаттандырмайды.

“Егер адам, 8 сағаттық ұйқысының нормасын бұзса, келесі ұйқыда әдеттегіден ұзақ ұйықтайтын болды. Және 8 сағаттық ұйқыға ешқашан қанағаттанбайды”, – дейді Уолкер.

Сондықтан, ұйқыда “бәрі немесе ештеңе” принципі жүреді. Ұйқыны жұмыс аптасында қысқартып, демалыс күндері артығымен өтеуге болмайтындығын айтты ғалым.

Тағы оқыңыз:

Ғалымдар ерлерге қандай әйелдер көбірек ұнайтынын анықтады

67 жастағы аспаз улы палау пісіріп, өзі сол асқа уланып қайтыс болды

Алматыдағы “Үш-қоңыр” базарында өрт шықты

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болатынын айтты

STAN.KZ
Сәрсенбі, 03 Қаңтар, 2018 14:05
Талқылау