Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар иттердің қандай түстерді ажырата алмайтындарын анықтады

Иттердің көзі дұрыс көрмейтіні бұрыннан белгілі. Десе де, төрт аяқты достарымыздың нақты қандай түстерді қабылдай алмайтындары зерттелмеген болатын. Ғалымдар жаңа тестінің көмегімен иттердің жасыл және қызыл түстерді ажырата алмайтынын анықтады.

Бұл туралы The Telegraph басылымы жазды.

Мұндай кемістік адамдарда да кездеседі. Ол “дейтеранопия” деп аталады. Иттердің көзі басқа уақытқа қарағанда, таңертеңгі мезгілде жақсы көреді. Себебі, бұл уақытта түстерді айыру қабілеті аса қажет емес. Бірақ, иелерімен бірге тұратын иттер күнделікті адамдармен бірге жүруге дағдыланып қалған.

Италияда орналасқан Бари университетінің ветеринарлық медицина бөлімінің дәрігері Марчелло Синискальчи иттермен қызыл киім киіп жұмыс істемеуге кеңес берді. Себебі, олар қызыл киім киген адамның қимыл-қозғалысын толық көрмейді екен.

“Бұл тек кинолог немесе жаттықтырушы мамандарға қатысты айтылып жатқан жоқ. Өзіңіздің итіңізбен фрисби ойынын ойнап, оның жасыл шөпте жатқан допты алып келгенін қаласаңыз, мүлдем қызыл киім кимеуге тырысыңыз”, – дейді маман.


Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық жігіт сүйіктісіне 25 iPhone X көмегімен ұсыныс жасады (фото)

Адамзатты болашақта қандай өзгерістер күтіп тұр

56 жастағы әйел алғаш рет ана атанып егіз сәбиді өмірге әкелді

33 жастағы әйел салмағы ең үлкен егіздерді дүниеге әкелді

Талқылау