Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: футболшылар допты баспен соққан соң миында зиянды өзгерістер болады

Баспен ойнау – заманауи футболдың ажырамас бір бөлігі және жаттығулар барысында футболшылар мақсатты түрде пысықтайтын тәсілдердің бірі.

20161024153245

Футболшының баспен жасаған бірнеше соққысының өзі ми қызметін бұзып, есте сақтау қабілетін нашарлатады, – деп санайды британдық ғалымдар.

Шотландияда Стерлинг университетінің зерттеушілері допты баспен бірінен соң бірін 20 рет ұрғаннан кейін  «футболшының миында аздаған, бірақ аса маңызды өзгерістер» байқалады.

Мәселен, есте сақтау қабілеті төмендеп, ол бұрынғы қалпына тәулік ішінде келеді.

EBioMedicine журналында жарияланған шотландиялық ғалымдардың зерттеуі алғаш рет баспен допты ұрудың ми жұмысына тікелей әсер ететінін анықтады.

«Күллі әлем бойынша бұл ойынды ойнайтындардың санын ескерсек, олар спорттың бұл түрі миларына қалай әсер ететінін  ойлап жүргені, салдарының қалай болатынын білгені өте маңызды», – деп санайды доктор  Летсваарт.

Әзірге зерттеушілер мұны зерделеумен ғана шектелді. Сондықтан теріс салдары қаншалықты екенін айту мүмкін емес.

2015 жылдан бастап Құрама Штаттардың балалар футбол секцияларында 10 жасқа дейінгі жеткіншектерге баспен соғып ойнауға толықтай тыйым бар.

Талқылау