Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Ескендір Зұлқарнайын тірідей жерленген болуы мүмкін

Теменидтер әулетінен шыққан Македония патшасы Ескендір Зұлқарнайын ауыр дертпен ауырған болуы мүмкін. Жаңа зерттеу жүргізген жаңа зеландиялық Отаго университетінің ғалымдар осындай тұжырым жасады.

Ғалымдар: Ескендір Зұлқарнайын тірідей жерленген болуы мүмкін

Бұл туралы odt.co.nz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ғалымдардың пікірінше, Теменидтер әулетінен шығып, ондаған елді бағындырып, 32 жасында қайтыс болған Македония патшасы аутоиммундық аурудың ауыр түрінен зардап шеккен болуы мүмкін. Зерттеушілер Ескендір Зұлқарнайын Гийен — Барре синдромының салдарынан қайтыс болғанын айтып отыр. Бұл неврологиялық аутоиммундық ауыр дерт. Мұндай дертке шалдыққан адамның иммундық жүйесі өзінің нервтеріне шабуылдайды.

Зерттеушілер мұндай дерттің сипаттарының бірін ретінде дененің жиі сал болып қалуын атады. Мұндай кезде адамның жүрек соғысы бәсеңдеп, тынысы баяулайды. Сондай-ақ, көзінің қарашығы үлкейеді екен. Сондықтан Ескендір Зұлқарнайынның жанында жүрген бағзының дәрігерлері аурудың осындай нышандарын көріп, оны өлдіге санауы ықтимал, дейді ғалымдар.

Ғалымдардың пікірінше, осының салдарынан Зұлқарнайынды тірідей көміп тастаған. Десе де Македония патшасы ауру асқынғаннан кейін бірнеше тәулік көлемінде тірі болған екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Жұма, 25 Қаңтар, 2019 12:38
Талқылау