Ғалымдар болашақта адам жаратылысында болатын өзгерістерді анықтады
Калифорниялық университеттің оқымыстылары болашақта ер адамдардың денесі ірілене түсетінін яғни салмағы ауыр ерлер қатары көбейетінін, әйелдердің қазіргіден ертерек ана атанатынын анықтады.
Бұл туралы The Guardian басылымы жазды.
Зерттеушілер мұндай шешімге келмес бұрын арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесі бойынша қорытынды жасаған.
Адам ағзасында бірнеше ғасырлардан кейін барып болатын құбылыстарды анықтауға жарамды клеткалар өмір сүреді екен. Ғалымдар негізінен бұл ұрықтардан ұрпақ санын көбейту мәселесі бойынша зерттеу жүргізген.
Зерттеуге Британиялық Biobank-те сақталған 40-69 жас аралығындағы жарты миллионнан астам әйел мен ер адамдардың ұрықтары зерттелген.
Ғалымдар негізінен бұл ұрықтардан ұрпақ санын көбейту мәселесі бойынша зерттеу жүргізген. Себебі, ұрықтардың өзінен болашақта қандай өзгеріске ұшырайтынын анықтауға болады екен.
Ғалымдар ірі денелі ер адамдардан орташа есеппен бірнеше ұрпақ тарайды. Ал семіздікке бой алдырғандар белсіз болады. Адамның ұрпақ саны дене мөлшеріне тікелей қатысты болуы да әбден мүмкін екен.
Ғалымдар болашақта әйелдер арасындағы білім алудың да сапасы түседі деген пікірде. Дегенмен бұл әйелдің тұңғышын дүниеге әкелген жасына тікелей байланысты екен. Ғалымдар бұл жерде заманауи медицинаның қаухары мықтылығын ұмытауды да еске алды.
Оқи отырыңыз:
Астанада салмағы 6 келіге жақын қыз бала дүниеге келді
Әшімов Тастанбековті өлеңмен жоқтап, жылап тұрып қалың жұртқа ішкі сезімін ақтарды (фото, видео)
2 жасар қызынан жұлдыз жасамақ болған Айдананы әріптестері сынап тастады
Енді сотталғандар қамауда отырып жоғары білім мен диплом алатын болды
Сәкен Майғазиев: “Құдайға да жақсы адам керек” деген сөзді айтпаңыздар
Желі қолданушылары шкафтың түсіне бола сөзталастырды