Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар баланы жиі құшақтап тұрудың пайдасы қандай болатынын жариялады

Біз балаларымызды бәрінен де қатты жақсы көріп, оларға бар жақсылықты тілейміз. Бірақ, әлі күнге дейін егер баланы қолымызға жиі алсақ, онда оны “құртып” аламыз дейтін пікір де көп кездеседі.

20131128529760bd4f541

Бұл туралы adme.ru хабарлайд.ы

Баланы жиі еркелетіп, құшақтап, аялап өсіру оны анасына жақын, қыз мінезді қылып жібереді деген пікірге негіз жоқ. Шын мәнінде баланы жиі құшақтау оның даму кезеңдерінде үлкен рөл атқарады екен.

Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесін Current Biology журналында жарияланған. Зерттеу Огайо штаты, Колумбус қаласындағы жалпыұлттық балалар ауруханасында жасалған.

Ғалымдар 125 нәрестенің реакциясын зерттеп, құшақтау баланың миында ерекше сезім қалыптастыратынын әйгілепті. Емірене еркелетіп, баланы аймалау әлеуметтік және эмоционалды байланыстың берік орнап, жүйке жүйесінің өз уақытында дамып отыруына алғышарт бола алады екен.

Бастапқыда баланың көру жүйесі де төмен болады. Ал оның күшті дамуы балаға жиі жанасу мен дыбыстардың анық естілуіне байланысты болмақ.

Құшақтаған сәтті бала қалай сезінеді деген сауалға жауап табу үшін ғалымдар олардың миының реакциясын өлшеген. Сәбиге ата-анасы немесе жақын адамдары мейлінше жақын келген сайын ол жанасуды сезініп отырған.

“Терінің теріге нәзік жанасуы – ата-аналардың жаңа туған сәбилеріне жиі жасап отырулары тиіс ісі”, – дейді зерттеуші, дәрігер Натали Майтре.

Оқи отырыңыз:

87 жастағы академик Төрегелді Шарманов ұзақ жасаудың құпиясын ашты

Алматы облысының тұрғыны дәрігерлердің кесірінен сәбиінің көзі көрмей қалғанын айтты

Құрметті қонақтарға ұсынылатын “Ханпалау” тағамын бірге әзірлейік

Қойдың басын қалай асқан дұрыс: тісімен немесе тісін қағып (фото)

Талқылау