Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар әйелдер мен ерлердің миынан жаңа айырмашылықтар тапты

Джорджия университеті мамандарының зерттеуінше, әлеуметтік жүріс-тұрысты реттеуде ер адамның миы әйелдікінен өзгерек. Яғни, әйелдер мен ерлердегі күйзелісті, психикалық ауытқушылықтарды әртүрлі жолмен емдеген жөн.

Ғалымдар әйелдер мен ерлердің миынан жаңа айырмашылықтар тапты

Зерттеу қорытындысы бойынша, әйелдер зардап шегетін психикалық аурулар ерлерде көп кездесе қоймайды, деп жазды Deccan Chronicle. Мәселен, әйелдер депрессия мен беймазалыққа бейім болса, ерлер арасында аутизм спектрінің бұзылуы және зейін мен гипербелсенділіктің жетіспеушілігі синдромы кең таралған. Алайда бұл айырмашылық негізіндегі ми механизмдері туралы әлі көп нәрсе белгісіз.

Ғалымдар тышқандарға зерттеу жүргізді. meddaily.ru хабарлауынша, ғалымдар аналық тышқандарға енгізілген серотонин агрессияны қоздырған, ал аргинин-вазопрессин сабасына түсірген. Аталықтарда бәрі керісінше.   Сондай-ақ, ғалымдар селективті баяулатқыш классына жататын флоуксетин антидепрессантының аналықтарда агрессия деңгейін көтеретінін, ал аталықтарда төмендететінін анықтады.

 

Талқылау