Шамадан тыс көп су ішіп қойған әйел ауруханадан бір-ақ шыққан
Ауырып жатқан кезде суды көп ішу сауығып кетуге көмектеспейді, керісінше адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Әсіресе, созылмалы ауруға ұшыраған адамдарға судан алыс болған дұрыс.
Фото: szaopressa.com
Бұл туралы BMJ Case Reports журналы хабарлайды.
“Жұқпалы аурулармен күресу үшін “сды көп ішу керек” деген кеңес еш пайдасы жоқ кеңес. Мұндай жалған кеңестермен біз күресу керекпіз”, – дейді Лондон Корольдік колледжінің мамандары Лаура Ли мен Мариэнн Норонья.
Біраз уақыт бұрын колледж ауруханасына 59 жастағы әйел келіп қаралған. Ол зәр шығару жүйесіндегі жұқпалы ауру және созылмалы қабыну ауруынан зардап шегіп жүр екен. Дәрігерлер оған антибиотиктер жазып беріп, өзін күтініп жату керек дейді. Алайда оның жағдайы күн өткен сайын нашарлай берген. Тіпті жүре алмай, сөйлей алмай қалады.
Дәрігерлер екінші рет анализ алған кезде, әйелдің қанындағы натрий көлемінің тым аз екенін байқайды. Сосын барып әйел өткен жылы емдеген дәрігердің кеңесі бойынша біраз уақыт бойы күніне бірнеше литр су ішкенін айтады. Осы арқылы ол ағзасын “инфекциядан тазартпақшы” болыпты.
Осыдан кейін дәрігерлер әйелге күніне бір литрдан артық су ішпеу керек деген талап қояды.
Негізі адамның бүйрегі мен зәр шығару жүйесі кез-келген мөлшердегі суды қабылдауға дайын. Алайда түрлі аурулардың пайда болуына байланысты су қабылдау мүмкіндігінің аясы тарыла береді. Осыдан соң барып суды көп ішу оның жағдайын әлсіретеді.