Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар 40 жыл бойы жанып жатқан “тозақ қақпасының” қашан өшетінін болжай алар емес (фото)

Түркіменстандағы Қарақұм шөлейтті даласы әлемдік ЮНЕСКО аясында маңызды мұралар тізімінен ойып тұрып орын алуы мүмкін.

1383990752_2

Бұл жайында Түркіменстан президентінің өзі Құрбанғұлы Бердімұхаммедов айтты.

“Бұл жерлерде өсімдіктер мен жануарлар әлемі ғажайып түрленген. Сондықтан да табиғи сыр-сипаттары жіті зерттелуі қажет”, – дейді түркмен президенті. Ол, сондай-ақ, қазіргі уақытта Түркменстанда халықаралық туризм саласының белсенді дамып келе жатқандығын да мақтанышпен атап өтті.

1383990756_1

Шетел туристері республиканың табиғи болмысына қызығушылық танытатынын, әсіресе ғажайып көрікті мекендер мен шөлейттердің рөлі зор екенін айтты. Солардың бірі – Түркмен жерінің үштен бірін алып жатқан Қарақұм шөлі.

1383990819_8

350 мың шаршы шақырымға созылып жатқан құмды шөл әлемдегі ең үлкен шөлді аймақтардың бірінен саналады. Бұл жерге тап болған кез келген адамды құмды мұхитта жүргендей әсерде қалдырады. Мұхиттағы сияқты мұнда да құмды толқындар (бархандар) тұрып, желдің күшімен әндете де алады.

1383990814_4

Саяхатшыларды Ашхабаттан шөл даланың ортасындағы Дамла қыстауына дейін жеткізу қарастырылған. Жолдың 130 шақырымы тек құм үстінде өтеді. Қыстауда туристер жергілікті жұрттың тұрмысымен, қол өнерімен етене танысып, ұлттық тағамдарынан дәм тата алады. Ал одан соң түнді шатыр астында өткізеді.

1383990806_6

Елге туристерді көптеп тартып отырған жердің бірі – Дарваз. Оты сөнбес үңгір – кезінде адам қолымен жасалған қателік салдарынан орын алған апаттың нәтижесі. “Тозақ қақпасы” атанып кеткен бұл үңгірдегі жанып жатқан табиғи газдың мөлшері қашан таусылатынын да ешкім дөп басып айта алмай отыр.

1383990792_3

1971-жылы орын алған апаттан кейін геологтар ондағы газ бірнеше күннің ішінде жанып бітеді деп болжаған еді. Алайда, көріп тұрғанымыздай, кратердің жалыны қырық жылдан бері өшпей тұр.

Талқылау