Галкин Алла Пугачеваны көйлексіз жатқан жерінен суретке түсіріп алған (фото)
Желіде алғаш рет Алла Пугачеваның су киімімен түскен суреті жарияланды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Максим Галкин Instagram желісіндегі парақшасында сүйіктісі Алла Пугачеваның жартылай жалаңаш суретін бөлісті. Айтуынша, қос ғашық бала-шағасымен бірге Балтық теңізі жағалауында демалып жатыр екен. “Сүйіктім күнге қыздырынып жатыр. Ол суретке түскенді ұнатпайды. Сол себепті, білдірмей түсіріп алған жайым бар” деп жазады ол суреттің тұсына.
Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, бұрын-соңды Алла Пугачеваның су киіміндегі суреті желіде жарияланбаған. Желі қолданушылары примадоннаның әлдеқайда жас көрінетінін айтып жатыр. Мұнымен қатар, Галкиннің әрекетін әдепсіздікке балағандар да болды.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева: Менің отбасымда соңғы сөз ер адамға бұйырады
Гүлзира Айдарбекова: Ұлдарымызды салыстырып жұртқа масқара болмайық
Қайрат Нұртас пен Ернар Айдарды салыстырған бүлдіршін жұртты күлдірді