Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымжан Жақияновқа қатысты қайта қозғалған іс жабылды

Алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және бопсалау фактілері бойынша қылмыстық іс қылмыстық құрамының болмауына байланысты жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Павлодар облысының экс-әкімі Ғалымжан Жақияновқа қатысты қайта қозғалған іс қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылды, деп хабарлады облыс прокуратурасы.

"Павлодар облысының полиция департаменті Павлодар облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және қорқытып алу фактілері бойынша қайта қозғалған қылмыстық істі қабылдады. 2023 жылғы 23 тамызда іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтату туралы соңғы процессуалдық шешім шығарылды", – делінген облыс прокуратурасы берген жауапта.

Бұған дейін Павлодар облысы бойынша Антикор департаменті Ғалымжан Жақияновқа қатысты қылмыстық істің тергелуін растаған болатын.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақияновқа қатысты іс туралы ақпаратты жоққа шығарған еді. 

Талқылау