Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар жер бетіндегі ең ежелгі адамның келбетін қайта жасады

Ғалымдар шамамен 300 мың жыл бұрын өмір сүрген Хомо сапиенстің ең көне өкілінің келбетін жаңғыртты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Dailymail

Бас сүйекті 2017 жылы Макс Планк институтының зерттеушілері Мароккодағы Джебель Ирхудта тас құралдар мен жануарлар сүйектерімен бірге тапқан. Бұған дейін адамзаттың бесігі Шығыс Африкада және түрдің ең ежелгі өкілдері 200 000 жыл бұрын пайда болған деп есептелді.

Антропологтардың айтуынша, кейінгі деректерге сәйкес Homo sapiens Африка құрлығында шамамен 300 000 жыл бұрын өмір сүрген. 

Джебель Ирхудтан табылған бас сүйектердің бірін қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Жамбас сүйектерінің болмауына байланысты адамның нақты жынысын анықтау мүмкін болмады. Оның үстіне бас сүйегі жақсыз болған. 



Қазіргі заманғы адамдардан алынған деректер жұмсақ тіндерді, мұрынды және беттің басқа бөліктерін жобалау үшін пайдаланылды. Ғалымдар көне бас сүйегіне ұқсас заманауи адамның бас сүйегін цифрлық форматқа көшірді. Бұл оларға бастың жетіспейтін бөліктерін толтыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде адам "күшті және сабырлы" деп сипатталады.

Еске салайық, бұған дейін халықаралық ғалымдар тобы неандерталдықтардың күрделі химиялық құрамы бар желім жасай алатынын анықтады. Археологтар Франциядағы Ле Мустьенің ежелгі адамдары мекенінен табылған тас жәдігерлерге талдау жасады. Олар 120-40 мың жыл бұрынғы орта палеолит дәуіріне жатады. Бірнеше тас құралдарда, соның ішінде қырғыштар, үлпек және қалақшалардан битумның іздері табылды. Екі компонент те топырақта кездеседі.

Талқылау