Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар жер бетінде жаңа мұхиттың пайда болуы мүмкін екенін ескертті

Ғалымдар болашақта жер бетінде жаңа мұхит пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

мұхит

Олардың есептеріне сәйкес, Африканың шығыс бөлігінде бес-он миллион жылдан кейін тектоникалық ыдырау пайда болады және континент екі бөлікке бөлінеді.

Негізгі нысан - үш тектоникалық плиталардың түйіскен жерінде орналасқан Эфиопияның Афар аймағында орналасқан аумақ. Олар баяу бір-бірінен алыстап жатыр. Осылайша, 2005 жылы сол жерде жарықшақ пайда болды, оның ұзындығы 56 шақырымға жетті. 

"Бұл құрлықтық рифт мұхиттық рифт болып қалыптасуын зерттей алатын жердегі жалғыз орын", — деді Ұлыбританиядағы Лидс университетінің профессоры Кристофер Мур.

Ғалымдардың айтуынша, бұл жарықшақ көтеріліп жатқан магманың қысымынан пайда болуы мүмкін. Қазір олар GPS арқылы плиталардың қозғалысын қадағалап жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр