Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар жастардың өліміне әкелетін ең көп тараған ауру түрін атады

Қытайдағы Харбин медициналық университетінің ғалымдары соңғы 30 жылда әлем бойынша жасөспірімдер жастар мен жасөспірімдер арасында 2 типті қант диабетімен сырқаттанушылар санының күрт өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі gazeta.ru порталына сілтеме жасап.

қант диабеті

Ғалымдар 204 елден 15 пен 39 жас аралығындағы адамдарды қамтыған 2019 жылғы жаһандық ауруларды зерттеу деректерін пайдалнып, жүйелі талдау жүргізді.

Зерттеушілер 1990 жылдан 2019 жылға дейін әлем бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында сырқаттану деңгейінің 100 мың халыққа шаққанда 117,22-ден 183,36-ға дейін айтарлықтай өсімі байқалғанын атап өтті. Бұл тұрғыда өлім-жітім көрсеткішінің өсімі 100 мың адамға шаққанда 0,74-тен 0,77-ге дейін өскен.

Орташа әлеуметтік-демографиялық индексі бар елдерде аурушаңдық басым. Ал әлеуметтік-демографиялық индексі төмен елдерде аурушаңдық орташа деңгейден төмен. Алайда өлім көрсеткіші ең жоғары болды.

Көрсеткіштер бойынша жалпы 2 типті қант диабетінен дене салмағы жоғары әсіресе әйелдер жиі ауырып, қайтыс болған. Дегенмен, семіздік ерлер үшін де қауіпті туындатты. Ауру факторлары әр елде әр түрлі. Бұл зерттеу биліктегілерге жастардағы қант диабетімен күресудің тиімді шараларын әзірлеуге белгі береді.

Талқылау