Ғалымдар жасанды интеллекттің тағы бір қаупі туралы айтты
Израильдік тарихшы Ювал Ноа Харари жасанды интеллекттің (AI) дамуының қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостит порталына сілтеме жасап.
Харари жаңа технологияның өздігінен жұмыс істеп, әңгімелер ойлап таба алатынын, сонымен қатар бірегей мазмұнды шығара алатындықтан оның адамның жердегі үстемдігіне күмән келтіруі мүмкін екенін алға тартты. Тарихшы сонымен қатар ChatGPT сияқты бағдарламалық жасақтаманы зерттеуге уақытша мораторий жариялау туралы хатқа қол қойып, жасанды интеллекттің әсіресе демократиялық елдерге қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты.
"Бұл авторитарлық режимдерден гөрі демократиялық елдерге зиян. Себебі демократиялық елдер қоғамдық диалогқа сүйенеді. Демократия, мәні бойынша адамдар бір-бірімен сөйлесуі шарт. Егер әңгімелесу жасанды интеллектке берілсе, демократия да аяқталды", - деді Харари.
Бұған дейін америкалық кәсіпкер Илон Маск 2024 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға жасанды интеллекттің әсері зор екенін ескерткен болатын. Оның айтуынша, нейрондық желілердің мүмкіндіктері көптеген адамдар жасай алатын мүмкіндіктерден асып түсті.