Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар зертханада адам эмбрионын бір жасушадан өсіріп шығарды: Бұл не үшін керек

Ұлыбритания мен АҚШ ғалымдары тарихта алғаш рет бір ғана бастауыш жасушаның генетикалық материалдарынан жасанды эмбрион өсіріп шықты. Сенсациялық жаңалық туралы Халықаралық жасушаларды зерттеу қауымдастығының жыл сайынғы жиынында белгілі болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

эмбрион

Кез келген сүтқоректінің эмбрионы пайда болуы үшін ата-анасының екі жыныс жасушасы қосылуы керек. Әр жасушада хромосомалар жиынтығы болады, ал біріккен кезде олар бір-бірінің генетикалық ақпаратын толықтырады. 

Сенсациялық тәжірибе кезінде адам эмбрионы бір ғана донорлық жасушадан өсірілді, яғни ғалымдар адамды клондаған. 
Көп елдерде адамды клондауға тыйым салынған. Дегенмен бұл тәжірибе барысында рұқсат беріліпті. Бірақ жасанды эмбрион 2 апталық мерзімнен аспай тұрып жойылуы керек. 

Эмбрион өсірілген бастауыш жасуша қажет жағдайда кез келген ішкі ағза мен тінде қолданылады. Сондай-ақ дамудың ерте кезеңінде бастауыш жасушылар эмбрионды түзеді. 

Тәжірибе барысында ғалымдар бастауыш жасушаны эмбрионға айналдырған.  

Бұл не үшін керек?

Пайда болғанына бірнеше күн немесе апта болған жасанды эмбриондар адам жетілуінің ерте кезеңін зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ белсіздік мәселесін шешуде септігін тигізуі ықтимал. Мәселен, бастапқы кезеңде еш себепсіз жүктілік үзілуі мүмкін. 

Оның үстіне эмбрионның пайда болу кезінде зерттеу жүргізу өте қиын. Ал зертханада жасанды эмбрионды зерттеу ерте түсік тастаудың себебін анықтауға көмектеседі. 

Құжат жүзінде зертханада өсірілген ұрықты "эмбрион" деп атауға келмейді. Себебі екі апта ғана өсіріледі. Екінші аптаның соңына қарай ұрықта ми пайда болмайды әрі жүрек соғысы да естілмейді. Сондықтан дәрігер алдында этика мәселесі туындамайды. Заңға сәйкес 14 күн өткен соң эмбрионды сурогат ананың ағзасына орналастыру қажет. Ал тәжірибе үшін өсірілсе, ғалымдар эмбрионды жоюға міндетті.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 19 Маусым, 2023 10:50