Ғалымдар ядролық соғыстан аман қала алатын елдерді атады
Жаңазеландиялық зерттеушілер ядролық соғыстың салдарын зерделеп, қызық қорытындыға келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Модельдеу нәтижелері Risk Analysis ғылыми журналында ұсынылды. Ғалымдар мұндай оқиға болса, планетаның атмосферасына 150 тераграмм күйе түсетінін есептеді.
Ядролық соғыс салдарынан бірнеше жылда ауыл шаруашылығы өндірісін 80%, ал солтүстік жарты шарда шамамен 100% қысқартады.
Отаго университетінің зерттеушілері қақтығыстар, соның ішінде азық-түлік тапшылығы мен жаппай ашаршылықтың әсерінен аман қала алатын бес мемлекет әлі де болады дейді. Яғни оған Исландия, Жаңа Зеландия, Аустралия, Соломон аралдары және Вануату сияқты арал немесе түбекті мемлекеттер кіреді. Себебі бұл елдердің тұрғындары күн сәулесіне байланысты ауыл шаруашылығын жүргізе алатындықтан, аман қалады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген