Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар "омикроннан" қорғанудың жолын айтты

Ғалымдар коронавирустың "омикрон" штамынан топтық спецификалық иммунитеттің қорғай алатынын мәлімдеді. Мұндай иммунитет вирустың бірнеше нұсқасын жұқтырғаннан кейін пайда болады. Бұл туралы Ресей Федерациясы Гамалеи атындағы орталықтың профессоры, вирусолог Александр Бутенко мен Энгельгард атындағы Молекулярлық биология институты зертхана басшысының орынбасары Петр Чумаков айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ura.ru басылымына сілтеме жасап. 

омикрон

"Вирустың түрлі генотипінің қосылуы адамдарда топтық спецификалық иммунитетті қалыптастырады. Яғни түрлі генотиптерден қорғай алады. Бұл вакцинамен қатар ұжымдық иммунитеттің пайда болуына әсер етеді. Осылайша түрлі нұсқалардың жұғуынан қорғайтын топтық спецификалық иммунитет түзіледі", - деп мәлімдеді Александр Бутенко. 

Чумаковтың сөзінше, мутация салдарынан омикрон штамының S-ақуызында айтарлықтай өзгеріс болған. Бұл вакцинадан кейін пайда болған антиденелерді айналып өту қабілетін арттырады.

"S-ақуызынан басқа да түрлі антигендер бар. Егер адам вирус жұқтырып, айығып шықса, оның ағзасында барлық антигендерге қарсы антидене түзіледі. Сондықтан омикрон жұқтырған кезде, антиденелер жұмыс істей бастайды. Бұл – топтық спецификалық иммунитет", - деп түсіндірді Петр Чумаков. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр