Ғалымдар некенің салмақ тастауға әсерін дәлелдеді
Ғалымдар неке салмақ тастауға әсер ететінін дәлелдеді. Некеге тұрған ерлер мен әйелдер тез арықтап, кейін қайта салмақ қосып алмайды екен, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мамандар 20 жастан асқан 300 адамды бақылады. Некеден кейін салмақ тастағандардың көпшілігі сегіз жылдан кейін сұлу сымбатын сақтап қалған. Бұл ретте үйлену тойына дейін спорттық дене бітімі болғандар одан кейін де формаларын жоғалтпаған. Ал толық және бойдақ адамдарда артық салмақ сақталған.
Зерттеушілер некеге тұру салауатты өмір салтын сақтауға түрткі болатынын анықтады. Бұл жағдайда серіктес тарапынан қолдау маңызды. Сонымен қатар, ол ұзақ уақыт қарым-қатынаста болған, бірақ үйленбеген жұптардың мысалында да расталды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн