Ғалымдар коронавирустың жұғу деңгейі артқанын мәлім етті
Гонконг үкіметінің коронавирусқа байланысты бас медициналық сарапшысы абриэль Леунг індеттің адамға жұғу деңгейін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы South China Morning Post басылымында жарияланды.
Профессор Габриэль Леунгтың сөзінше, вирустың жаңа штамы инфекцияның жұғу көрсеткішін 30%-ға арттырған. Маман бір науқас бірден төрт адамға ауруды таратуы мүмкін екенін айтады.
"Бұл бұрын кездеспеген жаппай таралуға бейім әрі төзімді вирус", - дейді профессор.
Сондай-ақ ол ауру ең алғаш шыға бастағанда оның жұғу көрсеткіші әлдеқайда төмен екенін алға тартты. Десек те ол вирустың қауіптілігі артты деген сөз емес дейді ғалым.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн