Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирустың белгілерін анықтауға қабілетті маска ойлап тапты

Сингапур ғалымдары коронавирус белгілерін тіркей алатын арнайы маска ойлап тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Straits Times-ке сілтеме жасап.

Бетпердеде импульс, дене температурасы, қысым және оттегі деңгейі сияқты адамның әртүрлі өмірлік көрсеткіштері туралы ақпарат жинайтын сенсорлар орнатылады. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып, коронавирус инфекциясы туралы қорытынды жасауға болады.

Әр жарты сағат сайын сенсорлар денсаулық туралы мәліметтерді ұялы телефондағы арнайы қосымшаға жібереді, осылайша дәрігерлер науқастың жағдайы мен оның өзгеруіне баға бере алады.

Бұл жүйені көп рет қолданатын немесе бір реттік маскаға тігуге болатындығы атап өтілген. Теориялық тұрғыдан, чиптермен жабдықталған масканы жууға және қайта пайдалануға болады.

Зерттеушілер қыркүйек айының соңына қарай жүйенің клиникалық сынақтарын өткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта масканың бағасы 36 доллардан асады, бірақ жаппай өндіріс кезінде ол 14,6 долларға дейін төмендеуі мүмкін.

STAN.KZ
Жұма, 11 Қыркүйек, 2020 12:52
Талқылау