Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирусты жоюға қабілетті робот жасап шығарды

Бахрейнде микроорганизмдерді, соның ішінде коронавирусты жоюға қабілетті робот жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Daily Mail басылымының хабарлауынша, он екі тілде сөйлейтін және дауыс командаларына жауап беретін робот бет-әлпетті тану технологиясын қолдана алады және дене температурасын өлшейді.

Робот қысқа толқын ультракүлгін сәулеленуі арқылы вирусқа әсер етеді. Жарты сағат ішінде олар барлық микроорганизмдердің тоқсан пайызын өлтіреді. Робот олардың мембранасын бұзады, нәтижесінде ағзалардың ДНҚ-сы ыдырайды

Бұл ретте өңдеу кезінде адамдар үй ішінде болмауы керек, өйткені құрылғыдан шыққан жарық адам жасушаларына зақым келтіруі мүмкін.

Шығыс Англия университетінде жұмыс істейтін Пол Хантердің айтуынша, ультракүлгін көптеген вирустарды жоя алады, сондықтан ультракүлгін сәулелер коронавирусты өлтіретініне таңқалудың қажет жоқ.

 

Талқылау