Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Коронавируспен ауырғандардың иммунитеті жылдар бойы сақталады

Калифорниядағы La Jolla Institute ғалымдары коронавируспен ауыратын науқастарда иммунитет сегіз ай бойы сақталатынын мәлімдеді, дегенмен "резерв" бірнеше жылға дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы bioRxiv медициналық порталында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеудің авторлары пандемияның басында CОVІD-19-дың жеңіл түрімен ауырған 19-дан 81 жасқа дейінгі 185 науқастан бірнеше рет қан сынамаларын алды. 

Олар антиденелердің деңгейін, қажетіне қарай көбірек антиденелер шығаратын В жасушаларының санын және Т жасушаларының екі түрін талдады.

Иммундық жасушалардың деңгейі жұқтырған кезден бастап бірнеше ай ішінде біртіндеп төмендегені белгілі болды, бірақ адам ағзасында бірнеше жыл ішінде қайталанатын инфекциядан қорғану үшін жеткілікті жасушалар болуы мүмкін.

Ал пациенттің қанында антиденелер табылмаған кезде, иммундық жадыны сақтайтын В жасушалары организмге бірнеше жыл бойы коронавирусты тануға мүмкіндік береді.

Талқылау