Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавируспен ауырғандар қашан вакцина салғыза алатынын айтты

Ресейдің Н.Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбур коронавирустан жазылып шыққан азаматтар вакцинаны қашан салдыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық дәрігерлер екпе жасауды ескертеді

"Науқас толық емделіп шығу керек, жазылып шыққаны зертханалық жолмен дәлелденуі қажет. Яғни норма бойынша – екі немесе үш рет жасалған ПТР-талдау нәтижелері теріс болуы шарт. Содан кейін адам физикалық тұрғыда қайта қалпына келуі керек", - деді Гинцбург.

Ресейлік ғалымның сөзінше, індеттен жазылып шыққан уақыт пен екпе егу арасындағы уақыт шамамен екі-үш айдан асу керек. Ал егер науқас коронавируспен жеңіл түрде ауырып шықса, ағзада вирустың жоқтығына көз жеткізген бойда екпе салдыра беруге болады.

 

 

Талқылау