Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирусқа қарсы "жедел иммунитет" қалыптастыратын препарат ойлап тапты

Британдық ғалымдар коронавирусты жұқтырудың алдын алатын және "жедел иммунитетті" қалыптастыратын жаңа дәріні сынақтан өткізуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Storm Chaser деп аталатын дәрі-дәрмекті Лондон университетінің колледжінің мамандары AstraZeneca фармацевтикалық компаниясымен бірлесіп әзірледі. Бұл компания Оксфорд университетімен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаны шығарған. Препарат - екі кезеңде енгізілетін коронавирусқа қарсы антиденелердің қоспасы. 

Антиденелер терапиясын ауруханалардың стационарлық пациенттеріне, қарттар үйінің тұрғындарына және жатақханадағы студенттерге аурудың таралуын болдырмау үшін жедел көмек ретінде қолдануға болатыны атап өтілді.

Ғалымдар уәде еткен жедел қорғаныс вирустың әсерін барлық адам иммундалғанға дейін төмендетуде маңызды рөл атқаруы мүмкін. 

Әзірлеушілердің айтуынша, Storm Chaser екі рет енгізілгенде, антиденелер бірнеше күн ішінде пайда болады, ал вакцинация кезінде иммунитет шамамен бір ай бойына қалыптасады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 28 Желтоқсан, 2020 08:18
Талқылау