Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирусқа қарсы мұрын спрейін ойлап тапты

Австралиялық Ena Respiratory компаниясы тыныс жолдарында коронавирустың таралуына жол бермейтін мұрын спрейін ойлап тапты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдар жануарларда тәжірибелер жүргізді. Нәтижелер INNA-051 препаратының мұрын мен тамақтағы вирустың репликациясын 96 пайызға төмендетіп, инфекция қаупін азайтып, берілу мүмкіндігін төмендететінін көрсетті.

"Біз еміміздің соншалықты тиімді болғанына таң қалдық. Емдеу арқылы жануарлардың табиғи иммундық реакциясын күшейте отырып, вирустың тез жойылғанын көрдік", - дейді Ena Respiratory басқарушы директоры Доктор Кристоф Демезон.

Бастапқыда INNA-051 спрейі суықтан және тұмаудан қорғау үшін жасалынған, бірақ оның тиімділігі туралы нақты дәлелдер болмағандықтан мақұлданбаған.

Алдыңғы зерттеулер астмамен ауыратын адамдарда тамақ жасушаларының вирусқа қарсы реакциясын тездететінін және тышқандарды риновирустардан ұзақ уақыт қорғауды қамтамасыз ететіндігін көрсетті.

Ena Respiratory хабарламасында компания табысты зерттеулер жүргізген және реттеуші органдардан тиісті рұқсат алған жағдайда, төрт айдан аз уақыт ішінде INNA-051-ді адамдарда сынауға дайын болады делінген.

"Біздің препаратымызбен вирус жұқтырған адамдардың ағзасы оны тез жояды, ал емдеу аурудың жеңіл белгілерден асып кетпеуін қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе қоғамның осал мүшелеріне қатысты", — деді Демезон.

INNA-051-ді қолдануға оңай, мұрын спрейімен (аптасына бір немесе екі рет) өздігінен шашуға болатыны атап өтілді.

Талқылау