Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қай қан тобындағы адамдар коронавирустан жиі көз жұматынын айтты

Ирандық ғалымдар COVID-19 асқынуларынан екінші қан тобы бар пациенттер басқаларға қарағанда көбірек қайтыс болады дейді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі MedRxiv басылымына сілтеме жасап. 

Бұған дейін Қытай мен АҚШ сарапшылары осындай қорытынды жасаған болатын. 

Үш зерттеудің де нәтижесінде авторлар екінші қан тобы бар адамдардың ауруға төзімділігін төмен деп бағалаған. Үшінші және төртінші топтағы науқастардың қайтыс болу деңгейі әлде қайда төмен, ал бірінші қан тобының ауруға төзімділігі жоғары деген қорытындыға келді ғалымдар.

Ресей Федералды биомедициналық агенттігінің басшысы Вероника Скворцова бұған дейін COVID-19 вирусын көбінесе екінші қан тобы бар адамдар жұқтырады деп хабарлаған болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 8,7 миллионнан астам адам коронавируспен ауырып, 461 мыңнан астамы қайтыс болған.

Қазақстанда, соңғы мәліметтер бойынша, 17 732 коронавирус ауруы расталды, 120 адам қайтыс болды.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр