Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қартаюды жылдамдататын өнімді атады

Қантты шамадан тыс тұтыну қартаюды жеделдетеді. Бұл туралы британиялық ғалым, профессор Дэвид Ганн мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Зерттеуші алты жүз адамның бет-әлпетін зерттеп, қандағы қант деңгейін өлшеп, тәжірибе өткізген. Ғалым қатысушыларды төрт топқа бөліп, олардың қанындағы қант деңгейіне сараптама жасаған. 

Қант деңгейі ең төмен адамдардың терісі жас екендігі белгілі болды. Зерттеу нәтижесінде қанттың қан тамырларын зақымдайтыны анықталған. 

“Қанттың ағзада зиянды заттардың пайда болуына әсер етеді. Соының салдарынан тері жасушалары жаппай жұмыс істеуін тоқтатады”, – дейді ғалым. 

Тері құрғап, майда әжімдер пайда болады және ешқандай күтім құралдары оларды жеңе алмайды, деп қосты ол. Уақыт өте келе тері жұмсақтығы мен серпімділігін жоғалтады, әжімдер көбейе түседі. 

Ғалым қанттан толық бас тарту мүмкін емес екенін айтады. Себебі құрамында табиғи қанты бар жемістер мен күрішті алып тастауға болмайды. Дегенмен оның ойынша, құрамында қанты көп өнімдерді тұтынуды азайтқан жөн. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр