Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар COVID-19 пандемиясы қызылша ауруының өршуіне алып келетінін айтып, дабыл қағуда

Денсаулық сақтау саласының мамандары коронавирус пандемиясынан кейін қызылшаның өршіп кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Xinhuanet порталына сілтеме жасап.

қызылша

Сарапшылар халықаралық деңгейде қызылша эпидемиясына қарсы шаралар қолдану керек дейді. Сөздерінше, биыл әлем бойынша көптеген балалардың ауруға қарсы вакцинациядан өтпегендіктен, келесі жылы қызылша жаппай таралып кетуі ғажап емес. 

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының мәліметінше, 2020 жылы 26 мемлекеттің қазан айында міндетті екпені кейінге қалдырғандықтан, 94 миллионға жуық бала қызылшаға қарсы вакциналаудан өтпей қалған. Бұған қоса, ұйым өкілдері 2019 жылы 9,8 миллион адам ауруға шалдығып, олардың 207-сі ажал құшқанын атап өтті. Бұл соңғы жиырма жылмен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш екен. 

Ғалымдар COVID-19 пандемиясының экономикалық кесірінен әлемде тамақ тапшылығы байқалуда дейді. Бұл өз кезегінде, қызылшаның асқынуына әкеп соғатын көрінеді. 

"Айтып отырғандарымыздың барлығы келесі жылы қызылшаның жаппай таралып қана қоймай, одан сайын өршуіне ықпал ететінін көрсетеді. Өлім деңгейі де артып кетеді. Бұл дегеніміз бірнеше жылдар бұрынғы жағдай қайта келеді деген сөз", - дейді профессор Ким Малхолланд.

Сарапшы осы тұрғыда бірігіп жұмыс істеу қажеттілігін алға тартты. 

Талқылау