Ғалымдар COVID-19-ды он секундта анықтайтын құрылғы ойлап тапты
Diagnovir деп аталатын құрылғы бірнеше секунд ішінде сілекей үлгісі негізінде коронавирус инфекциясын анықтайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Түрік ғалымдарының жаңалығы Bilkent Universitesi сайтында жарияланған. Diagnovir құрылғысының принципі үлгіні көбейтуге емес, оптикалық қасиеттерге негізделген. Тестілеу үшін ауыз қуысының шырышты қабатынан сынама қолданылады. Содан кейін оны арнайы ерітіндімен араластырып, құрылғыға салады.
"Коронавирус инфекциясы флуоресцентті сигналды динамикалық қабылдау арқылы он секунд ішінде анықталады", - делінген ғалымдар мәлімдемесінде.
Айта кетейік, клиникалық кезеңге дейінгі зерттеу кезінде құрылғы коронавирусты анықтауда 99 пайыз тиімділік көрсеткен.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді