Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: "ChatGPT күнсанап нашарлап барады"

Танымал чат-бот ChatGPT күнсанап нашарлап барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 4PDA сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қолданушылардың бұл мәлімдемесі Стэнфорд университетінің ғалымдарын алаңдатты. Сол себепті олар чат-ботты тексеру жұмыстарына кірісті. Белгілі болғандай, үш айдың ішінде тілдік модель шынымен де әлдеқайда "нашар" бола бастаған. 

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылдың наурызы мен маусымы аралығында GPT-4 адамдардың сұрауына нақты жауап бере алмаған. 

Кодты жазу кезінде анықталғандай бот наурыздан бастап сұрақтардың тек 10 пайызына ғана дұрыс жауап берген.

"Бір қызығы, керісінше GPT-3.5 үлгісінің жауап беру дәлдігі өскен. Наурыз айына қарағанда маусымда чат-бот сұрақтарға дұрыс жауап бере бастаған", - дейді ғалымдар.

Зерттеушілердің пікірінше, GPT-3.5 және GPT-4 чат-боттарымен жұмыс істейтін пайдаланушылар нәтиженің дұрыстығын үнемі тексеріп отыруы керек.

Талқылау