Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар бір аяқпен тұрып жаттығудың пайдасын айтты

Адамның бір аяқпен тұру қабілеті физикалық белсенділіктің артуына, құлау қауіпінің төмендеуіне, өмір сапасы мен ұзақтығының жақсаруына ықпал етеді. Бұл тұжырымды Глазго қаласындағы Каледония университетінің ғалымдары  жасап, нәтижелерін The Conversation порталында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бір аяқпен тұру

Мұндай қабілет денсаулыққа пайдалы көрінеді. Зерттеушілердің пікірінше, егер адам бір аяғында 20 немесе одан да көп уақыт тұра алмаса, онда бұл мидың ұсақ қан тамырларының зақымдану қауіпі мен танымдық функциясының төмендегенін көрсетеді. Паркинсон немесе Альцгеймер ауруына шалдыққандар бір аяғымен тербелмей тұруы екіталай, дейді ғалымдар. 

Сонымен қатар, жүктілік, менопауза және зейнетке шығу тепе-теңдікте тұру, бұлшықет күшіне және тік тұру қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Зерттеуге сәйкес, ерлер мен әйелдердің жасына байланысты олардың бір аяғымен тұру ұзақтығы өзгереді. Ал егер адам жасына сай уақытта бір аяқпен тұра алмаса, бұл денсаулыққа қатысты проблемаларды көрсетеді.

Омыртқаны тік ұстау үшін адам қажет кезде аяқ, тобық, аяқ бұлшықеттерін, кейде тіпті қол бұлшықеттерін қолданады. Бір аяқпен тепе-теңдік ұстау дене белсенділігінің деңгейіне байланысты, дейді мамандар. 

Физикалық белсенділіктің болмау адамның денсаулығына кері әсер етеді. Бұған жол бермеу үшін ғалымдар көзді жұмып бір аяғымен тұрып жаттығуға кеңес береді.

Талқылау