Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Астрологияға сенетіндердің ақылы таяздау болып келеді

Швециядағы Лунд университетінің психологтары астрологияға деген сенім көбінесе нарциссизмнен және ақыл-ойдың төмендігімен (IQ) байланысты екенін мәлімдеді. Зерттеу нәтижелері Personality and Individual Differences журналында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жұмыс авторлары коронавирустық пандемия салдарынан астрологияға деген сенім едәуір артқанын, бұл стресске өзіндік реакция болуы мүмкін екенін атап өтті. Олардың жаңа зерттеулерінің мақсаты дәлелдері жоқ жалған ғылыми тұжырымдамаларға сенетіндерге ортақ белгілерді іздеу болды. Бұл үшін мамандар 264 еріктінің арасында астрологиялық болжамдар мен жұлдыз-жорамалға деген көзқарасын білу үшін онлайн-сауалнама жүргізген.



Астрологияға сенген адамдар ақыл-ой коэффициентін өлшеу сынақтарын нашар тапсырғаны белгілі болды. Сонымен қатар, олар нарциссизмнің белгілерін жиі көрсеткен. Мұндай адамдардың орташа деңгейден қарағанда өздеріне көбірек көңіл бөлетіндігі және өздерін туа біткен көшбасшылық қасиеттері бар ерекше адамдар деп санайтындығы белгілі болды. Керісінше, азаматтар IQ ұпайларын неғұрлым көп жинаса, астрологияға сенімі болу мүмкіндігі соғұрлым аз болған. 

Талқылау