Ғалымдар алдағы онжылдықта жаңа коронавирустың пайда болуы жайлы ескертті
Сингапур ғалымдары алдағы онжылдықта қайтадан жануарлардан адамға жұғатын жаңа коронавирустың пайда болуы туралы ескертті. Сингапур Ұлттық университетінің жаңа жұқпалы аурулар бағдарламасының жетекшісі, профессор Ван Линьфтің бұл пікірі The Straits Times газетіне жарық көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен бірге, ғалым жаңа вирустың дәл қашан пайда болатыны және оның қаншалықты ауыр болатындығы белгісіз екенін мойындады. Ол сонымен қатар ғалымдар Sars-CoV-2 адамдардан жануарларға жұғып, содан кейін адамдарға жануарлардан мутацияланған түрде қайта жұғуы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірді.
2013 жылы Таяу Шығыста тыныс алу симптомын анықтаған ғалым Оңтүстік Америкада коронавирустың жаңа түрінің пайда болу қауіпін мойындады. Оның айтуынша, "ең пессимистік" жағдай бойынша жарқанаттардың вирусты қайтадан жұқтыру мүмкіндігі. "Тәжірибе көрсеткендей, бұл жануарлар вирусты асимптоматикалық жолмен өткізеді", - деді Ван Линьфа.
Сонымен қатар, Сингапур Ұлттық университетінің Со Сви Хок қоғамдық денсаулық мектебі директорының орынбасары Алекс Кук қазіргі уақытта коронавирусты жұқтырған адамдардың саны ресми көрсеткіштерге қарағанда он есе көп болуы мүмкін екенін атап өтті. Вирус жұқтырған адамдардың нақты санын анықтаудың жалғыз әдісі - антиденелерді тексеру.
Ухань вирусология институтының ғылыми қызметкері Ши Чжэнли бұған дейін коронавирустың жаңа аурулары туралы ескерткен болатын. Сарапшының айтуынша, ғалымдар бүгінгі күнге дейін тапқан коронавирус айсбергтің ұшы ғана дейді. Ши Чжэнли Уханьдағы соңғы оқиғаны әлем үшін қауіпті дабыл деп атады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
