Коронавирусты жұқтыруды бес есе төмендетуге болатын тәсіл аталды
Көзілдірік киетін адамдар коронавирусты бес есе аз жұқтырады. Бұл туралы биология ғылымдарының докторы, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Сергей Нетесов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, мұндай нәтиже Қытайда жұқтырған адамдар туралы статистика жинаған кезде анықталды. Ғалым ол елде линзалар кеңінен қолданылмайтынын, ал көру қабілеті төмен адамдардың 80 пайызы көзілдірікті құп көретінін атап өтті.
Нетесов мұрын мен көздің шырышты қабаты коронавирустың негізгі қақпасы екенін еске түсірді. Сондықтан, масканы міндетті түрде мұрынды жабатындай етіп тағу керек.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”